Таразда қомақты жүлде тігілетін Қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы желтоқсан айының 3-5 аралығында Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қоры, Жамбыл облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтетін федерация кубогына қазақ күресінен жиырмаға жуық клубтық командалар қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекеттік және жеке спорт клубтары, құрамында қазақ күресі бөлімі жұмыс жасайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі, олимпиадалық резерв орталығы, жоғарғы спорттық шеберлік мектебі, қазақ күресі бөліміне жағдай жасалған мамандандырылған арнайы орта оқу орындары мен ЖОО-ның клубтарынан жиырмаға жуық команда бар», делінген баспасөз баянында.

Федерация кубогында балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша командалық сында «бетпе-бет» схемасымен кездесу өткізеді. Іріктеуден финалдық кезеңге жеңіске жеткен 8 команда жолдама алатын болады. Федерация кубогының жүлдегерлеріне қомақты ақшалай жүлде қоры тағайындалып отыр. Бұл республика бойынша жүлде қоры жағынан алғашқы үштікке кіретін жарысқа баланып отыр.

ОРЫН

Жүлде қоры (теңгемен)

1 орын

10 000 000

2 орын

5 000 000

3 орын

2 000 000

4 орын

800 000

5 орын

700 000

6 орын

600 000

7 орын

500 000

8 орын

400 000

Соңғы жаңалықтар