Таразда Мәңгілік ел идеясына арналған республикалық конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мәңгілік ел идеясы және білім берудегі жаңғырту» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы ТарМПИ баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Алқалы жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

«Біз Тәңірге, тарихи тағдырымызға жүздеген жылдық күрделі кезеңдері үшін өкпе айтпаймыз, бүгінгі және келешек ұрпаққа ең асыл мұра болып қалған Ұлы Отанымыз - Егемен Қазақстан үшін рахмет айтамыз! Ендігі міндет - бабалар аманатына адал болып, Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету. Мәңгілік ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу», - деді институт ректоры Дария Қожамжарова конференция қатысушыларына құттықтықтау сөзінде.

Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Мәңгілік ел идеясының тарихи негіздері мен түп-тамырына шолу жасады. Ал, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ботагүл Тұрғынбаева мен филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Ержанова жаңашыл мұғалім дайындау мен зияткер ұрпақ тәрбиелеуді тарқатып айтып берді. Сонымен қатар, конференция аясында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институтының директоры Бекен Ыбырайым «Ақындық шеберлік және көркемдік тәжірибе», жазушы, публицист Мархабат Байғұт «Бүгінгі таңдағы әдебиеттің беталысы» тақырыптарында келелі ойларымен бөліссе, жергілікті ғалымдар білім берудегі заманауи үлгілер турасындағы пікірлерін ортаға салды.

Конференция соңында жасалған баяндамалар және айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде ұсынымдар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар