Таразда С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалы ашылуы кадрлар проблемасын шешуге мүмкіндік береді - С. Қоңырова
«Медицина, әсіресе тар мамандықтар кадрларының жетіспеушілігі проблемасы жамбылдық денсаулық сақтау жүйесінде көптен бері орын алып келеді, - деп түсіндірді 25 жылдан бері орта буын медицина қызметкерлерін даярлаумен айналысып келе жатқан С.Қоңырова. - Біздің колледждің жаңа корпусы базасында Асфендияров университетінің студенттері магистратура, резидентура, әртүрлі бейіндегі мамандандыру сияқты жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықтан өте алады».
Ол қазіргі медициналық білім бакалавриатты және теориялық әзірлікті және 6-шы курстан басталатын оқытудың екінші бөлігін көздейтінін айтты. Студенттер бірінші блок бойынша білімдерді ҚазҰМУ-да алады, әзірге бізді тиісті жағдай жоқ. Ал медициналық курстың екінші бөлімін біздің тараз филиалында жалғастырады. Оқыту біздің клиникаларда жүргізіледі, оларда кадрларды кәсіби оқытуға мүмкіндіктер бар», - деді ол, енді оның айтуынша, медициналық жоғары оқу орнында оқып жүрген жамбылдық студенттер үйден оқитын болды. Сондай-ақ жоғары оқу орнының түлектері жамбылдық клиникаларды кадрлармен толықтырып, өзінің туған аймағында қалатын болады.
С.Қоңырова Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жақында ашылған медициналық колледждің екінші корпусында медиициналық білімдер мен дағдыларды алу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «Онда жайлы жағдай туғызылған, - деді ол, - студенттер халықаралық стандарттар бойынша диагностика мен емдеудің заманауи технологияларымен жарақтанған. Университет тыңдаушылары біздің симуляциялық орталықтың мүмкіндіктерін пайдалана алады, мұнда сондай-ақ жамбылдық дәрігерлер мен студенттер де даярлықтан өтеді, біліктілігін көтереді.
Жоғары оқу орнының жаңа филиалында оқу үдерісіне жоғары білікті мамандар - жамбылдық клиникалардан 18 ғылым кандидаты мен докторлары тартылады, олар педиатрия, хирургия, гинекология және басқа да мамандықтар бойынша оқытады. Жақында аймаққа медициналық мамандандырудың негізгі түрлері бойынша 104 интерн келді, деп атап өтті С.Қоңырова.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысының әкімдігі С.Асфендияров атындағы медициналық уцниверситетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов қол қойды. Меморандум ауқымында ұлттық жоғары оқу орны Жамбыл облысы медициналық қызсметкерлерінің әлеуетін дамытуға жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ қашықтан оқыту және телемедицинаны енгізу, әлемдік деңгейдегі шетелдік мамандарды шақыру, аймаққа алғашқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған көмек деңгейінде диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын енгізу, сондай-ақ интервенциялық кардиохирургияны дамыту жоспарлануда.
2017 жылы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Тараз филиалы ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қалыптастырылады.