Таразда сәбилерді сату бойынша айыпталып отырған дәрігерлердің үстінен сот процесі өтіп жатыр

ТАРАЗ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Тараздың №2 сотында сәбилерді сату бойынша айыпталып отырған дәрігерлердің үстінен жабық түрде сот процесі басталды, деп хабарланды облыстық соттан.
None
None

Айыпталып отырған 4 адам мүлігінен және 14 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

«Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды сату бойынша тараздық жекеменшіктегі «Сенім» МО перзентхананың бас дәрігері, бұрынғы жетекшісі Раушан Арынғазина, облыстық перинаталды орталықтың акушер-гинекологы Райхан Ербатырова, қалалық №7 емхананың учаскелік акушер-гинекологы Дмитрий Бобров, сонымен қатар жеке кәсіпкер Бектемір Қабдуллин айыпталып отыр. Оларға ҚР ҚК-нің 133 бабының 2 бөлімі «а, б, з» тармақтары «Кәмелеттік жасқа келмегендерді сату» бойынша және 325 баптың 1 бөлімі «Жалған құжаттарды дайындау» бойынша айып тағылып отыр», - деп хабарланды Жамбыл облысы бойынша баспасөз қызметінен.

Жамбыл облыстық ІІД-нің ақпараты бойынша, тергеу кезінде Р.Арынғазинаға нәрестелерді сатудың бес фактісі, сондай-ақ тағы бір баланы сатуда көмек көрсеткені үшін айып тағылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аймақтық департаментінің «Сенім» МО-ның қызметкерлеріне қатысты, сондай-ақ жекеменшік перзентхананың қызметін тексеру қорытындыларына сәйкес қылмыстық істерді қозғау фактісі бойынша бұл медициналық мекемеден лиценция алынып қойылды.

2011 жылы «Сенім» медициналық орталығының қызметі тоқтатылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2011 жылы Жамбыл облысында жаңа туған нәрестелерді сатудың тағы бір фактісі бойынша сот іс қараған болатын.

Соңғы жаңалықтар