Таразда салалық терминология мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді
Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығына арналған бұл шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырып отыр.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сәйкес онда көп тілді терминологиялық сөздік шығару, терминжасам және терминалмасым, салалық терминологияны дамыту сияқты өзекті міәселелер талқыланады.
Конференция материалдарының негізінде жинақ жарық көреді.
Оның жұмысына ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, терминолог-ғалымдар, ұлттық компаниялардағы, жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тіл саясатымен айналысатын құрылым өкілдері шақырылмақ.