08:41, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Таразда түнгі шолғыншылар 19 жастағы бойжеткенді құтқарды
ТАРАЗ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ішкі істер департаменті патрульдік-бекеттік қызметінің «Түнгі боран» жеке батальоны экипажының полицейлері өткен түнде Таразда 19 жастағы бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түнгі сағат 2-лерде батальон қызметкерлері аға сержанттар Дидар Нұрманов, Айболат Кәрібаев пен кіші сержант Сәкен Майлыбаев шақырудан қайтып келе жатады. Тараздың ықшамаудандарының біріндегі үйлердің жанынан өтіп бара жатқан кезде көмек сұраған айқайды естиді. Айқайлап жатқан кездейсоқ жүргінші сақшыларға төртінші қабаттағы лоджияның ашық терезелерінің бірінің сыртында ілініп тұрған бойжеткенді көрсетеді. Полицейлер «жедел жәрдем» және «051» қызметтеріне жедел қоңырау шалады, бірақ олар жеткенше қарап тұрмай, тәуекелге бел буып, терезе және балкон торкөздерді, аяқ-қол ілінетін жерлердің барлығын пайдаланып, төртінші қабатқа шығады да бойжеткен лоджияға ішке қарай кіргізеді. Дәрігерлер мен құтқарушылар жеткенше, тәртіп сақшылары бойжеткенге көмектесіп үлгереді. Кейін анықталғандай, бойжеткен мас екен. «Кейін ес жинаған соң, қандай биіктікке көтерілгенімізді көріп, өзіміз қорқып кеттік, бірақ оқиға болған сәтте біз тек әлгі бойжеткенді құтқаруды ойладық», дейді С.Жайлыбаев. Полицейлердің пайымдауынша, әлгі бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған.