10:42, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Таразда Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Ұлы тұлға - ұлт аманаты!» атты акция ұйымдастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ұлы тұлға - ұлт аманаты!» атты жастар акциясы ұйымдастырылды.
Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде ғылым мен білімді, мәдениет пен өнерді, бұқаралық спорт пен ақпаратты дамытуға елеулі үлес қосып, өз қызметінде ерекше белсенділік танытқан Тараздың жастарына қала әкімінің жыл сайынғы сыйақысын табыстау дәстүрге айналып отыр. Аталмыш дәстүрге сәйкес қала әкімі Календеров Нұржан Сәбитұлы «Жас ғалым», «Жас қаламгер», «Жігерлі жас», «Жас дәрігер», «Жас ақын», «Жас спортшы» номинациялар бойынша үздік атанған жастарды марапаттап, алғыс хаттарды табыстады.
Акция мақсаты - әр салада үздік деп танылған жастарды марапаттау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту, Елбасы Жолдауына қолдау білдіру. Акцияға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.