21:23, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Таразда украин ұлысы күні өтті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Ласкаво просiмо на свято!» - «Мерекеге хош келіпсіз!» - деген ұранмен тараздық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Дніпро» украин ұлттық-мәдени орталығы ұлыс күнін ұйымдастырды.
Украин мәдениеті күні ауқымында саябақта украин бұйымдарының, ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттарының көрмесі жұмыс істеді, ұлттық тағамдар ұсынылып, концерттік бағдарлама қойылды.«Өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, - дейді ҚазАқпарат тілшісіне «Дніпро» украин ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко ? біз, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға еркінен тыс көшірілгендерді еске түсірдік. Олардың жолы болды деп айтуға болады. Жергілікті тұрғындар оларға түсіністікпен қарады, қазақтар жер аударылғандардың кішкентай балаларын өз отбасыларына алып асырады, бақты, оларға өз балаларынан кем қараған жоқ, соңғы түйір нанымен бөлісті».Біз халықтар достығының арқасында тірі қалдық. Өмір бір орында тұрмайды. Бүгін міне, Отанымыздың жетістігіне, қазақ пен украинның достығына қуануға, қосылып ән айтуға, бірлесе би билеуге болады. Біздің мейрамға халық көп жиналды, олардың қатарында қазақтар, орыстар, поляктар, грузиндер және басқа да облысымызда тұратын жүзден аса ұлыстың өкілдері келді».«Өзара түсіністік пен сыйластық арқасында ғана табысқа жетуге болады, - дейді облыс әкімінің орынбасары Құмар Ақсақалов. ? Ұлтаралық келісімді сақтау ? бүгінгі қоғам алдында тұрған басты мәселенің бірі. Жамбыл облысында 21 ұлттық-мәдени орталық жұмыс жасайды, олар өткізетін шаралардың барлығы да достық пен халықтар арасындағы өзара сыйластықты дамытуға бағытталған. Украинаның Қазақстандағы жылының аяқталып келе жатқанына қарамастан, Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғаса түсуде, бұған ұлттық диаспораның қосар үлесі мол».