Таразда ҰҚТ мүшесін соттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз №2 қалалық сотында К.Танбетовке қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР ҚК 266 бабы 1,2 бөлімдері бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылы мамыр айының басында көпшілікке «Сары Қайрат» лақап атымен белгілі К.Танбетов қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшесі ретінде  Тараз қаласында осы топтың белсенді мүшесі С. Солтыбековпен келісімге келген. Олар қалааралық жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан шамамен 30-50 жүргізушіден ақша жиған.  Ай сайынғы осындай табысы 100 000 теңгені құрап, қаражат ҰҚТ-ты қаржыландыруға бағытталды.  

№2 Тараз  қалалық сотының өкімімен К.Танбетов ҚР ҚК 266 бабының 1 және 2 бөлімдері бойынша айыпты деп танылып, оны бес жылға дейін бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Мүлкі тәркіленді. Жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейтін болады.  

Соңғы жаңалықтар