Таразда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

ТАРАЗ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы «Сәтті» мейрамханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге арналған салтанатты жиын болды.
None
None

Ардагерлер үшін дастархан жайылып, соғыс жылдарының әндері шырқалды.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев жиналғандарды келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтай келе, «Жеңіс күні тек қана мерекелік күн емес, бұл жылдағы ең тамаша күн» деп атап өтті.

Аймақ басшысы айтып өткендей, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерлігі мен патриоттығы лайықты үлгі болып табылады.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысына қатыстан 632 ардагер, майдангерлердің 53 жесірі, сондай-ақ 10 321 тыл еңбеккері тұрады.

Соңғы жаңалықтар