10:16, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Таразда Жамбыл облыстық ТЖД-нің бастығы Жамбылбек Шахабаевты ақтық сапарға шығарып салды
ТАРАЗ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Таразда ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жамбылбек Шахабаевпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-ден.
«Тараз қаласында ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, ҚР ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері Жамбылбек Әшірұлы Шахабаевты ақтық сапарға шығарып салды. Ол 2012 жылдың 11 қазанында 61 жасында дүниеден озды. Жамбылбек Әшірұлы өзімен таныс болған, қызметтес болған және араласқан барлық адамдардың арасында белді, құрметті азамат болды. Жауапты әрі талап қоя білетін жоғары деңгейлі кәсіби маман, мейірімді адам болды. Оның өмірі күрделі, бірақ өте қызықты әрі жарқын болды. Ол тәжірибелі ұйымдастырушы, әрқашан көмекке келуге даяр мұқият және сезімтал адам еді. 2006 жылдан бері ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментін басқарды», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.