09:12, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Таразда Жамбыл облысын азық-түлік бидайымен қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы меморандумға қол қойылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро»Холдингі» АҚ, «Қазақстанның астық одағы» заңдық тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның астық өндірушілері мен наншылары одағы» заңдық тұлғалары бірлестігі мен облыс әкімдігі арасында Жамбыл облысын азық-түлік бидайымен қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы меморандумға қол қойылды.
Жамбыл облысы бойынша азық-түлік бидайын сатып алуға бөлінген квота 33,7 мың тоннаны құрайды.
Азық-түлік корпорациясының бидайды жеткізіп отыруы 2010 жылғы қыркүйектің 1-і мен 2011 жылғы қазанның 1-і аралығында айлық кестеге сәйкес жүзеге асатын болады.
Астық өндірушілердің бидайды мақсатты қолдануы мен нан өнімдері бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеуді бақылау міндеті әкімдікке жүктелді.