Таразда Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары өндірістік тауарларының таныстырылымы өтті

БЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда бүгін Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары өндірістік кәсіпорындары тауарларының таныстырылымы өтті.
None
None

Шығыс Қазақстан облысының делегациясын аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев бастап келді. Жамбыл облысынан «Қазфосфат», «Тараз металлургия зауыты», «Тараз былғары аяқ-киім», «Жамбыл Құс», «Айвенго», «Астана-Самсон», «Жамбылгипс» және т.б. кәсіпорындар өнімдерін ұсынды. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының қатарында - «АЗИЯ АВТО», «КЭМОНТ», «Ертістрансойл», «Шығыс әмбебап», «Бастау-1», «Қатонқарағай бұғы паркі», «Daewoo Bus Kazakhstan», «Kaz-Kor NuTech Company болды.

 «Қазақстанның даму қарқыны бүгінгі күнді сеніммен қабылдауға және келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік береді», - деді Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин өзінің  сөзінде.

 Таныстырылым барысында Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар