Таразда жаңа балабақша ашылды

РАЗ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда қала күнін тойлау қарсаңында жаңа балабақша ашылды, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене тәрбиесі мен спорт бөлімі.
None
None

Қазақ және орыс тілдерінде білім беретін 280 балаға бейімделген №19 балабақша «Салтанат» ықшам ауданында орналасқан.

Күрделі жөндеу мен жаңа жабдықтар, жиһаз, қажетті құралдармен қамтамасыз етуге 124 млн. теңге жұмсалды.

«Темір байлық» ЖШС мердігер компанияның директоры Жанболат Әбдікеровтың айтуынша, құрылысшылар қысқа мерзім, үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айларында күрделі жөндеуден өткізіп, балабақшаны пайдалануға бере алды.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз қаласында жыл басынан бері төрт мемлекеттік, және мемлекеттік-жекеменжік әріптестік негізінде екі жекеменшік балабақша ашылды. Жоспарланған 1290 орынның 870-і ашылды.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 1695 орын жоспарланып, 1700 орын қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар