Таразда жаңа базарларға көшуді қаламайтын Орталық базар саудагерлерінің тарапынан араңдатушылықтар басталды
Сәрсенбі күні Орталық базардың көшірілмеуін талап еткен 50-ге жуық әйел базар алаңының аумағындағы Төле би даңғылына шықты.
«Олар қазіргі кезде базар аумағында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық тұрған Төле би көшесін ашуды талап етті. Біз қала прокурорымен, бұл жұмыстың мердігерімен бірге оларға көшені ашу мүмкін емес екенін, жолдың көлік жүретін бөлігінің жаңартылуы жүріп жатқанын түсіндіру үшін шықтық. Жолдың бұл бөлігінің жабылуы қалалық көліктерге ескі базар арқылы жол жүруіне кедергі емес», - деп түсіндірді Тараз қаласы әкімінің орынбасары, ескі базардың басқа жерге көшірілуіне жауапты Жақсылық Сапарәлиев.
Анықталғандай, саудагерлерді қала әкімдігінің қаулысына қарсылық білдіруге үндеген, сондай-ақ бұл қаулы аяқ асты пайда болғанын және адамдар көшуге дайын еместігіне сендіріп баққан, ал жаңа орында оларды жоғары жалға алу құны күтіп тұрғанын айтқан әйелдердің дені - базардағы саудаға еш қатысы жоқ, бөтен адамдар болып шыққан.
«Атакент-Тараз», «Ауыл Береке», «Асқаровта» жаңа базарларындағы орынды жалға алу төлемі қолайлы - мың теңгеден мың жарым теңгеге дейін. Бұл ретте саудагерлерге олардың «нүктесін» қыздырғанынша екі ай тегін сауда жасау ұсынылуда», - деп сендірді қала әкімдігінен.
Көшуге қарсылық білдіргендердің сөздеріне қарамастан, сәрсенбі күні Тараздың Орталық базары қалыпты режимде жұмыс істеді. Саудагерлердің негізгі бөлігі қалалық әкімдіктің көшу туралы қаулысын байсалды қабылдап, қазіргі кезде жаңа базарларда сауда орындарын жалға алудың келісімшарттарын жасасуда.