11:30, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Таразда жасөспірімдер арасында кёкушинкай каратэден республикалық турнир өтті
ТАРАЗ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 10 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы кёкушинкай каратэден екінші ашық өңірлік чемпионат аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің туризм және спорт басқармасына сілтеме жасап. 19 салмақ санаты бойынша өткен жарыстарға Қазақстанның өңірлерінен келген 170 спортшы қатысты. Жамбылдық құрама команданың бас жаттықтырушысы Алмас Исатаевтың айтуынша, облыста спорттың бұл түрі 2007 жылдан бері қолға алынып келеді, аймақ спортшылары республикалық сахнада жақсы нәтижелер көрсете бастаған. Бұл жолы да жеке біріншілікте тараздық төрт спортшы чемпион атағын иеленіп отыр. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Павлодар құрамасы жеңіске жетсе, екінші орынға тараз спортшылары көтерілді, ал үшінші орынды ақтаулық каратэшілер қанағат тұтты.