13:34, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Таразда жасырын жұмыс істеп келген казино анықталды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жасырын жұмыс істеп келген казиноны әшкереледі.

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі баспасөз мәслихаты барысында аталмыш ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
« Жамбылдық жедел қызметкерлер арнайы іс-шаралар кешенін өткізу барысында Тараз қаласының қонақ үйі ғимаратының бірінде орналасқан жасырын казиноны анықтады. Казино 43 жастағы жергілікті тұрғын әйел адамға тиесілі болып шықты», - дейді Н. Ораз. Оның айтуынша, заңға қайшы жұмыс істеген жасырын нысанды тінтіп, тексеру барысында 21 ойын автоматы мен электрондық рулетка табылған. «Заттай айғақтар тәркіленді. Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ресми өкіл.