12:41, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Таразда желікпе жүргізуші 200-ден астам тұтынушыны газсыз қалдырды
ТАРАЗ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Таразда ала құйын жүргізушінің салдарынан 200-ден астам абонент газсыз қалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Тараз қаласында 2 шілде күні түнгі сағат үш шамасында жеке тұрғын үйлер секторында жүйіткіген «Субару Форестер» көлігінің жүргізушісі өлшеу торабына және газтарату шкафына соғылды. Салдарынан 233 тұтынушы газсыз қалды», - делінген таратылған хабарламада.
Қайта қалпына келтіру жұмыстары сол күні түске таман аяқталып, көгілдір отын қайта берілді, деп нақтылады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.