Таразда жойқын дауыл түрменің шатырын жұлып әкетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Жамбыл облысында желдің күшеюі салдарынан орын алған дауыл Тараздағы әкімшілік ғимаратты зақымдады, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

«6 желтоқсанда жылдамдығы 28 м/с, екпіні 32 м/с-қа жеткен күшті жел салдарынан Таразда Жамбыл даңғылы бойында орналасқан ЖД 158/1 Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті әкімшілік ғимаратынының металл шатырын жұлып кетті», - делінген хабарламада.

Зақымданған алаң аумағы 200 шаршы метрді құрады, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады облыстық ТЖД-інен.

Соңғы жаңалықтар