Тараздағы «Аквапарк» балаларды сауықтыру кешенінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қайырымдылық акциясы өтіп жатыр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы «Аквапарк» балаларды сауықтыру кешенінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары үшін жазғы демалыс ұйымдастыру мақсатымен қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
None
None

«Аквапарк» кешенінің жетекшісі Ольга Гаврилованың айтуынша, акция шілденің 7-сінен басталған. «Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар бұл жерге күнде келсе де өз еріктері, олар үшін барлығы тегін», - деп атап өтті ол.

Бүгінде Жамбыл облысында көп балалы отбасыдан шыққан 24 мың бала, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 23 мың бала, және де үйінде отырып білім алатын 1 300 бала бар.

Аталмыш акцияны «Нұр Отан» ХДП тараздық филиалының қолдауымен балаларды қорғау жөніндегі облыстық департамент ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар