11:33, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Тараздағы дарынды балалардың шеруі
ТАРАЗ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Таразда Жастар сарайында айрықша дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатының «Жұлдыздар шеруі» өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына сілтеме жасап.Қызыл төсеніш төселген жолмен осы білім ошағының мұғалімдері мен «Білім шырағы», «Дарын», «Эрудит», «Өнер» және т.б. аталымдар бойынша марапатталған оқушылар тиесілі наградаларын алу үшін сахнаға көтерілді.11-ші сынып оқушысы Перизат Жанұзақова «Жыл оқушысы» атанды. Ұстаздар оның жан-жақты, білімқұмарлығын жоғары бағалайды. Перизат би де билейді, домбыра да шерте біледі, қоғамдық өмірге белсене араласады, зияткерлік ойындар мен олимпиадаларға қатысады, «Алтын белгiден» үміткер.Тараздық «Дарын» мектебі «Үздік инновациялық мектеп» аталымында «Педагогикалық идеялар көрінісі» республикалық педагогикалық олимпиадасында жеңіске жетіп жақында ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапатына ие болды. «Дарынның» барлық педагогтары авторлық бағдарламалардың республикалық конкурстарында, дарынды балалармен жұмыс істеудегі инновациялық және педагогикалық идеялар шараларында бірнеше рет жеңістерге жетті. Біздің мектебімізде барлығы 260 дарынды балалар оқиды, олардың барлығына бірдей жағдай жасалған», ? деді мектеп директоры Айман Садықова.