Тараздағы контрафактілік өнімдер шығарған жасырын цех заңды кәсіпкерлерді 5 млн. теңгеден астам шығынға батырды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда контрафактілік өнімдер шығарумен айналысқан жасырын цех заңды кәсіпкерлерге 5 млн. теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмыспен сыбайлас жемқорлық күрес департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Департамент қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында лицензиясыз DVD- және MP3-дискілерді көтерме саудаға шығару анықталды және 1634 DVD-дискі мен 344 MP3-дискі тәркіленді, сот сараптамасы олардың контрафактілік өнімдер екенін көрсетті.

Облыс орталығының шағынаудандарының бірінде жедел қызметкерлер жасырын цехты тапты, онда фильмдер мен музыкалық өнімдерді көшіретін барлық құралдар болған. Цех иесі салық органдарында тіркелмеген және өндіріске және дискілерді өткізуге ешқандай лицензиясы болмаған. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде құқық иелері - «Қазақ әндерін орындаушылар» республикалық қоғамдық бірлестігіне (2,9 млн. теңге), сондай-ақ «Видео-Аудио-Меломан» ЖШС-ға (2,2 млн. теңге) елеулі материалдық шығын келтірілген.

Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар