Тараздағы «Simka» ЖШС-нің иесі 149 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған

ТАРАЗ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Тараздағы «Simka» ЖШС-нің иесі 149 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарды,
None
None

деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес депарматентінен (қаржы полициясы).

«Департамент қызметкерлері 2012 жылдың басынан бері ұйымдардың салықты төлеуден жалтару фактілері бойынша төрт қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Әмір Әлімқожаев.

Қазіргі кезде сот қарауында тараздық «Simka» ЖШС-нің иесіне қатысты қылмыстық іс жатыр. Ол 2010 жылдың декларациясына кірістер туралы  әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу жолымен мемлекетке 149 млн. теңге сомасына аса ірі көлемде шығын келтіргені үшін айыпталуда, деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жалпы алғанда 2012 жылдың басынан бері департамент 479 қылмысты әшкереледі. Жабылған қылмыстық істер бойынша анықталған шығын сомасы 121 млн. теңгені құрады, соның 27 миллионы өтелді, деп хабарлайды жамбылдық қаржы полициясынан.

Соңғы жаңалықтар