09:26, 19 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында жаңажылдық шырша шамдары жағылды
ТАРАЗ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда Тәуелсіздік күніне Тұңғыш Президент саябағында жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды.

ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, тағы бес метрлік әсем шыршалар қаланың әр жеріне орнатылған. Солардың шінде Орталық алаңдағы шырша қала тұрғындарының серуен құратын көңілді демалыс орнына айналды.
Барлық шыршалар жасанды, оларды Жамбыл облысының ІІД Жедел басқару орталығы бейнебақылауға алды. Жаңа жыл қарсаңындағы «шырша» базарларында оның бұтақтары ғана сатылмақ. Полицей торуылдары жаңа жыл қарсаңында облыс орталығындағы шырша көшеттерінің сақталуына баса назар аударуда.