10:14, 01 Мамыр 2011 | GMT +5
Тараздағы тұрғын үйлердің шатырларын жөндеп, қасбеттерін жаңартуға 865 миллион теңге бөлініп отыр
ТАРАЗ. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасының аясында Тараздағы тұрғын үй ғимараттарының шатырларын жөндеуге және қасбеттерін жаңартуға биыл 865 миллион теңге бөлініп отыр»,

деп хабарлады Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Әкімнің айтуынша, қазір үйлерді жөндеу және жаңарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Қазақстан бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды жаңартудың жаңа бағдарламасы жылу, электр және газ желілерін 50 пайызға дерлік жаңартуды қарастырып отыр. 11,5 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйлер жөндеуден өткізіледі.
Таразда қазіргі таңда 1 077 көпқабатты тұрғын үй бар.