08:13, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Тараздағы жекеменшік қонақүйде болған өрт салдарынан 10 адам көшіріліп, бір ер адам зардап шекті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат -Тараз қаласындағы жекеменшік қонақүйде болған өрт салдарынан 10 адам көшіріліп, бір ер адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Бүгін сағат 01:37-де Тараздағы 5 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан «Самал» жекеменшік қонақүйінің бөлмелерінің бірінен өрт шықты.
Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрады. 10 адам көшірілді. Өрт салдарынан туған жылы анықталмаған бір ер адамға иіс тиіп, аураханаға жатқызылды.
Тілсіз жау сағат 02:10-да ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 4 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылған.