Тараздық «Мейірім» медициналық орталығында магниттік-резонанс томография аппараты таныстырылды

АМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Тараздағы «Мейірім» медициналық орталығында «Филипс» компаниясының өндірісінен шыққан магниттік-резонанс томография аппараты таныстырылды.
None
None

Облыс халқының өмірі үшін әлеуметтік маңызы бар бұл құрылғы облыс бойынша ең бірінші орнатылған, және әзірге бар жалғыз аппарат болып отыр.

Магниттік-резонанс томографиясының аппараты орнатылған жаңа корпустың ашылуында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев томографтың орнатылуымен аурудың диагностикасын анықтау сапасы артып қана қоймай, томография бар басқа қалаларға, Бішкек, Алматы, Шымкент қалаларына бару әурешілігі жоғалады деп атап өтті.

Облыс әкімінің ақпараты бойынша, халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі емханалардың жолдамалары арқылы тегін қаралудан өтуі үшін облыстық бюджеттен 60 млн. теңге бөлінген.

«Алғашқы қатарда мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған балалар тұрады, осы аппарат арқылы қаралу барлығына қолжетімді болады», - деді өз сөзінде аймақ басшысы.

«Мейірім» медициналық орталығының жетекшісі Гүлдәрі Нұрымованың айтуынша, медициналық орталықтың ұжымы осы аппараттың орнатылуы үшін көптеген қиындықтарды бастан кешірді.

«Мейірім» медициналық орталығының жетекшісі алдағы уақытта да медицина орталығы аймақ халқына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлығын жасайтын болады деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар