Тараздық жастар Тұңғыш Президент күнiне орай флешмоб ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «ТарМПИ жастары Елбасымен бірге!» атты флешмоб акциясы өтті. Мерекелік шараға оқу орнының 4 мыңнан астам студенті қатысты. Бұл туралы аталмыш институттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Шара барысында жұртшылық назарына концерттік бағдарламалар және Елбасының өмір жолынан хабар беретін бейнефильм ұсынылды. Жиында институт ректорының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, атаулы күннің мән-маңызына тоқталып өтті.

«Бұл - Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма үш жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, сан ғасырлар бойы киіз туырлықты қазақтың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды», - деді О.Жолдасова.

Сондай-ақ оқу ордасының алаңында студенттер флешмоб ұйымдастырып, өнерпаздар мерекелік концерт тарту етті. Егемендік, Елбасы турасындағы ұран сөздер жазылған шарлар мен Бейбітшіліктің символы болып табылатын көгершіндер аспанға ұшырылды.

Соңғы жаңалықтар