Тараздың Достық үйінде Ұлы Отан соғысының 88 жастағы қатысушысы Полина Никитинаның туған күні аталып өтілді

ТАРАЗ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздың Достық үйінде соғыс соқпақтарымен Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Ұлы Отан соғысының 88 жастағы қатысушысы Полина Никитинаның туған күні аталып өтілді.
None
None

Бұл күні Достық үйінде жиналған ардагерлердің ішінде ең үлкені - 93 жастағы Жамал Малдыбаева. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету шарасына келгендердің арасында Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтен Ұлы Жеңіспен жеке құттықтау алған 47-інші гвардиялық жеке миномет полкының даңқты «Катюша» зеңбірегінің бұрынғы командирі Владимир Серіков, сонымен қатар Владимир Огай, Хаюня Гринберг пен өзгелер бар.

Жамбыл облысының этномәдени орталықтарының жетекшілері өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Жеңімпаздар құрметіне танымал жамбылдық әншілер Любовь Шахова мен Владимир Сорокиннің орындауында соғыс жылдарының әндері шырқалды.

Соңғы жаңалықтар