20:54, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Тараздың орталығында ірі көлік апаты болды - қалааралық автобус жүк машинасына соқтығысты
ТАРАЗ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда бүгін түнде болған ірі жол-көлік оқиғасының мән-жайы тексерілуде.
Облыс ІІД жол полициясы басқармасының аға инспекторы Абзал Шірімбековтің хабарлауынша, қаларалық шымкенттік нөмірлі «Ван-холл» автобусы Тараз қаласының орталығында Жамбыл даңғылымен жүріп келе жатқан. «Жол айрығында автобус «Ауди-100» машинасын жанап өтіп, жеңіл машинамен соқтығыспау үшін бұрылғанда, «Скания» тіркемелі жүк машинасына соқтығысқан», деп түсіндірді инспектор.
Апат салдарынан «Ван-холл» автобусының жүргізушісі мерт болды, автобустағы екі жолаушы жарақат алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Ван-холл» жүргізушісі бағдаршамның қызыл дабылына мән бермеген.