Тараздың жолаушыларды тасымалдаушы автопаркі жаңа 33 автобуспен толықты

ТАРАЗ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздың автобустық паркі жаңа 33 автобуспен толықты.
None
None

«Бүгін Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков орташа сыйымдылықтағы 33 автобустың тұсау кесер шарасына қатысты», - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Ақылбаев.

Тараздық«ӘулиеТрансПасс» ЖШС күрделі жол жағдайларына бейімделген, құны 50 мың АҚШ долларын құрайтын, Еуро-2 стандартына сәйкес қытайлық «Цзян Хуай» автозауытында дайындалған автобустарды сатып алды.  

Жолаушыларды тасымалдаушы компания ескірген автобустарды жаңартып, қаланың 5 бағытын жаңа техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

2011 жылы тараздық автотасымалдаушы орта және үлкен сыйымдылықтағы 75 автобус сатып алды. Ал 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында тағы 80 автобусты сатып алуды көздеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар