Таразға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев келеді деп күтілуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы жұмыс сапары барысында Тараздағы «Бәйтерек» шағынауданының құрылысы, сондай-ақ «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасының орындалуы барысымен танысады. Ресурс жинақтау технологиясын пайдаланатын «Жасұлан» жылыжай шаруашылығы ЖШС-да, «Медеуов» жеке кәсіпкерлігінде және шаруа қожалықтарында болады.«Имсталькон» АҚ металл құрастыру зауытын, Бокс сарайын және Тараздағы Достық үйін аралап көреді деп жоспарлануда.Қ.Саудабаев «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси бюросының кеңейтілген отырысына қатысады, аймақтың барлық деңгейдегі әкімдерімен кездеседі. Жұмыс сапарының соңында «Менің Қазақстаным» атты жалпыреспубликалық жастардың патриоттық акциясының ашылуына қатысады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум