Тарбағатай ауданында тасқын судан зардап шеккендерге 443 үй салынып беріледі

СКЕМЕН. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Тарбағатай ауданының бес ауылында жаңа үйлердің іргетастары қаланды.
None
None

Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған отбасылар үшін 443 үй салынбақ.

«Атқарылған жұмыстардың сапасы бақылауда болу үшін, құрылысты жергілікті тұрғындардың өздері жүргізеді. Оған қоса, барлық жұмыстың ақысы төленетін болады. Осылайша, жұмыссыздық проблемасын да шеше аламыз. Жүк тасымалының құнын төмендету және жергілікті өндірушілерді жұмысқа тарту үшін құрылыс материалдары облыстан жеткізілуде», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев журналистерге берген сұхбатында.

Қазір құрылыста 450-ден астам жұмыс істеуде, олардың 150-і - жергілікті тұрғындар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әр үйдің жанынан шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер қоса беріледі. Оған қоса, жаңа үйлерге электр қуаты, ауыз су тартылады, жолдарға асфальт төселіп, жарықтар орнатылады.

Зардап шеккен отбасылар қазір шатырлы қалашықта тұрып жатыр, өкімет адамдарды азық-түлікпен, киіммен, төсек-орынмен және ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етіп отыр. Тұрғын үйлерге қоса, жақын арада Мәдениет үйі, аурухана және 180 орындық мектеп салынады. Жартылай зардап шеккен үйлер қалпына келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар