Тарифтік жеңілдіктер беруге қатысты хаттаманы сенаторлар жалпы отырыста қарайды

АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Құжат талаптары бойынша, тарифтік жеңілдіктерді пайдалану төлемнен босату немесе тасымал үшін белгіленетін кедендік салықтың деңгейін азайту арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ хаттама ережесі бойынша арнайы комиссия кедендік одаққа қатысушы елдердің тарифтік жеңілдіктерге қатысты заңнамаларын саралап шығып, олардың осы мәселе бойынша арнайы келіссөздер жүргізулеріне мүмкіндік жасайды. Құжат Сенаттың жалпы отырысында қаралады.

Соңғы жаңалықтар