Тарихта батырлар туралы кітапты батырлар ғана жазған кезең болды - Болатхан Тайжан қорының президенті

АЛМАТЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тарихта батырлар туралы кітапты батырлар ғана жазған кезең болды. Бұл әңгіме бүгін Алматыда 64 жылдан кейін қайта басылған Елтоқ Ділмұхамедовтың «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың көтерлісі» деген кандидаттық диссертациясының жаңа басылымының тұсаукесерінде айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Диссертация 1946 жылы желтоқсанның 17-сі күні Ташкентте қорғалған. Елтоқ Ділмұхамедов бұл кітапты ұлт үшін жазды. Ол кезде батыр туралы кітапты батырлар ғана жаза алды. Сондай кезеңде бұл тақырыпты алып, оны қорғап шығу зор ерлік болатын», дейді монографияны қайта басып шығарған Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан. Оның айтуынша, оппоненті танымал ғалым Ермұхан Бекмаханов болған Е. Ділмұхамедовтың бұл еңбегін жертөледе сақталып қалған жалғыз нұсқасы арқылы бала-шағасы қайта жарыққа шығарып отыр. Қазір ол республиканың түрлі деңгейдегі барлық кітапханаларына таратылды. Сондай-ақ электрондық нұсқасы қордың интернет сайтына (boketaizhan.kz) орналастырлып отыр.

«Бұл кітапта Елтоқ Ділмұхамедов қазақ жерін патшалық Ресейдің жаулап алуы І Петрдің кезінде басталып, алғашқы бекіністер сол кезеңде салына бастағанын, Кенесары 35 жасынан қасына сарбаздар жинап, тәуелсіздік үшін күреске шыққанын нақты деректермен көрсетеді», дейді Мұхтар Болатханұлы. Оның айтуынша, сол кезде де қазақ халқы элитасының бір тобы тәуелсіздікті жақтаса, екіншісі Ресей қолтығында болуды қалаған. Кенесары орыс халқына емес, Ресейдің жаулаушылық саясатына қарсы күресіп жүргендерін сан мәрте айтады. Сондықтан оның әскерінің арасында айдауда жүрген саяси диссидентерден бөлек, басқа ұлт өкілдері де аз болмаған. Тарихтың ащы шындығын жазғаны үшін Елтоқ Ділмұхамедовты кеңестік билік ұлтшыл деп айыптап, монографиясын барлық кітапханадан алып, жоюға дейін барды.

Соңғы жаңалықтар