08:16, 13 Мамыр 2010 | GMT +5
Тәртіп сақшысы «Қорғалжын ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын аудандық мәслихатының шешімімен аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Сарбалинге «Қорғалжын ауданының құрметті азаматы» атағы берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай жоғары сенім облыс аумағында бірінші рет көрсетіліп отырған көрінеді. Нұржан Тілеуберсенұлы 1982 жылдан ішкі істер саласында қызмет атқарып келеді. Қарапайым инспектор, бөлім бастығы, соңғы он жылдан бері бөлім бастығының кадрлар ісі жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек етуде. Оның басты жетістігі өңірлік ішкі істер бөліміне білікті кадрларды іріктеуінде болып табылады.