Ташкентте дипломаттар қазақ-өзбек қатынастарының келелі мәселелерін талқылады

ТАШКЕНТ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР-дың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин ӨР сыртқы істер министрінің орынбасары Эльдор Ариповпен кездесті.
None
None

Бұл туралы қазақстандық дипломатиялық өкілдіктен хабарлап отыр.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-өзбекстан қарым-қатынастарының көкейкесті мәселелерін қаузады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына күтіліп отырған ресми сапарын назарға ала отырып, тараптар екі мемлекеттің барлық саладағы ынтымақтастығын нығайтуға өзара әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар