Ташкентте халықаралық ақындар айтысы өтеді

ТАШКЕНТ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәңгілік достық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толуына, сондай-ақ, Ташкенттің 2200 жылдығына арналған ақындар айтысы жексенбіде Ташкентте өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өзбекстандағы республикалық қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев айтқандай, Қазақстанның түрлі аймақтары мен қалаларынан 9 ақын қатысқалы отырғандықтан, ақындар айтысы халықаралық сипатқа ие болып отыр.Алматы, Семей қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысының ақындары айтысқа қатысады. Олармен, Өзбекстанның Ташкент және Науаи облыстарының үш ақыны айтысқалы отыр. Олардың қатарында халықаралық байқаулардың лауреаты Құлмахан Дүйсенов те бар.Аталмыш шара ақпанның 15-де «Ыстықжол» сарайында өтпек, ал ұйымдастырушылар оның үлкен дәрежеде өтетініне бүгіннен-ақ, сенім білдіруде. Өзбекстанда тұратын 1 млн. қазақ Қазақстаннан келетін кәсіби және көркемөнерпаз әртістердің өнерін бұрыннан да ыстық қабылдайтыны белгілі.
Соңғы жаңалықтар