12:47, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Ташкентте ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы кеңесінің мәжілісі басталды
АШКЕНТ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанның елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылым кеңесінің XVI мәжілісі өз жұмысын бастады.
Кеңеске төрағалық етуші Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Жанат Жарасов мәжілісті ашқан сөзінде, наурыздың 29-ында Мәскеуде және наурыздың 31-інде Кизлярда болған оқиғаларға орай құрылымның атынан Ресей делегациясына көңіл айтты. Жиынға қатысушылар лаңкестік құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Ж.Жарасов сондай-ақ жиынға қатысушы елдердің өкілдеріне Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетінің жаңадан тағаындалған директоры Жеңісбек Жұманбековты және оның орынбасарларын таныстырып өтті.
Мәжіліске ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев те қатысуда.