Ташкентте ТМД темір жолдарында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері талқылануда

ТАШКЕНТ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Ташкентте Ташкентте ТМД және Балтық қатысушы мемлекеттерінің теміржол әкімшіліктері арасында денсаулық сақтау саласындағы іс-қимыл бойынша комиссиясының 32-ші отырысы өз жұмысын бастады.
None
None

Отырыс жұмысына ТМД елдері - Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Украинаның денсаулық сақтау саласынлағы теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.

Отырысты «Узбекистон темир йуллари» мемлекеттік акционерлік теміржол компаниясы төрағасының орынбасары Даврон Декханов ашып, сөз сөйледі.

Отырыстың қатысушылары Достастық мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын есепке ала отырып, темір жолдағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық-санитарлық зардаптардың алдын алу және жою бойынша мәселелерді талқылайды.

Делегациялар ТМД қатысушы мемлекеттерінің темір жолдарында пойыз қозғалысын медициналық және тасымалдар мен жүктердің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибелерімен алмасады.

Кездесудің соңында комиссия мүшелері хаттамаға қол қояды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум