12:07, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Ташкентте ТМД және Балтық елдері теміржол басшыларының 51-ші мәжілісі өтеді
ТАШКЕНТ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Бүгін Ташкенттегі «Интерконтиненталь» отелінде ТМД және балтық елдері теміржол басшыларының 51-ші мәжілісі ашылады.

Мәжіліс жұмысына ТМД елдерінің теміржол басшылары, жергілікті және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ сала мамандары қатысады. Қазақстанның атынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин бастаған делегация қатысады.
Биылғы мәжілісте теміржол ұйымдарының қызметтерін әрі қарай ұйымдастыру және бүгінге дейін қабылданған қаулылардың орындалу мәселелері, 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен саланың басқа да өзекті мәселелері қаралады.