20:47, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Ташкентте Төле би мемориалдық кешенінің жаңартылуына байланысты қайырымдылық ас берілді
ТАШКЕНТ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Жас ұрпаққа тәрбие беруде ата-баба рухын еске түсірудің маңызы айрықша. Сондықтан, қазақ және өзбек халықтары ортақ тарихындағы өз батырларының есімдерін қашан да қастерлеулері керек.
Өзбекстанда көптеген сәулет және тарихи ескерткіштері, Ташкенттегі, Самарқандағы, Бұқарадағы, Қоқандағы діни мекемелер (медреселер, мешіттер) тек Өзбекстанда ғана емес, Қазақстанда да есімдері мәшһүр және айрықша құрметті тұлғалардың ? Төле бидің, Әйтеке бидің, Жалаңтөс Баһадүрдің (белгілі қолбасшы және билеуші), Сырым Датовтың, Мұстафа Шоқайдың және басқаларының қызметтерімен байланысты.Ташкентте өткен аптада Өзбекстан республикалық қазақ ұлттық-мәдениет орталығы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізілген «Төле би» мемориалдық кешенінің жаңартылуына байланысты қайырымдылық ас берілді.Бұған дейін ҚазАқпарат хабарлағанындай, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі қазақстандық меценанттардың қолдауымен Ташкенттегі Төле би мен Шайхантухар кесенелерін кең көлемді жаңартуға және Әйтеке бидің және Навои облысы Нұрата қаласындағы оның арғы атасы Сейітқұл әулиенің мемориалдық кешендерін салуға қолдау көрсетіп отыр. Әйтеке би мен Сейітқұл әулиенің кесенелері тұрғызылды, қазіргі уақытта мешіттердің және кешеннің басқа ғимараттарында, жапсарлас аумақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Бұл жұмыстар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша және ӨР Мәдениет және спорт министрлігі мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жөніндегі бас ғылыми-өндірістік басқармасы мен білікті мамандарды-жаңғыртушыларды тарта отырып, қала басшыларының келісімі бойынша жүргізілуде.