Тасқала ауданы орталығында «Ер есімі ел есінде» атты ескерткіш тақта ашылды

ОРАЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тасқала ауданы орталығында «Азалы ана» мемориалдық кешенінде «Ер есімі ел есінде» атты ескерткіш тақта ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлы Отан соғысына Тасқала ауданынан 6682 адам аттанса, соның 1755-і қайтып оралмады.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиев, Астанадағы Жеңіс мерекесіне қатысатын майдангер Әли Кенжешев, мердігер ұжым - «Андас» ЖШС басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов қатысып, тағзым етті. Жиналғандар соғыстан оралмаған сарбаздарды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Тасқаладан Ұлы Отан соғысында Садық Жақсығұлов пен Анатолий Скоробогатов Кеңес Одағының Батыры атанса, Михаил Шамов Даңқ орденінің толық иегері болды.

Соңғы жаңалықтар