11:30, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Тасқала ауданы орталығында «Жастар» стадионы күрделі жөндеуден өткізілмек
ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы орталығында «Жастар» стадионы биыл күрделі жөндеуден өткізілмек.
Аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиевтің сөзіне қарағанда, стадион біраздан бері жөндеу көрмей тұрған болатын. Сондықтан облыстық бюджеттен осы мақсатқа 61 млн. теңге бөлінді. Аталмыш стадионда облыстық, республикалық көлемдегі спорттық шаралар да өткізіліп келеді.
Стадион қалпына келтірілгеннен кейін, Елбасының биылғы Жолдауында айтылғанындай, тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту ісі жандана түсетін болады.