Тасқала ауданында құны 30 млн. теңгеден асатын 13 жер телімі кері қайтарылды - БҚО
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығын жүргізуге емес, басқа мақсатқа пайдаланылған жерлердің алынуына байланысты бюджетке 18 млн. теңгені өндіру бойынша тиісті шара алмағаны белгілі болды. Қазіргі кезде прокурорлық ықпал ету шараларына сәйкес залалды сот тәртібімен өндіру бағытында шаралар алынуда. Қарауындағы қызметкерлердің жұмысын бақыламағаны үшін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы мен аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ аудан әкімдігі лауазымды қызметкерлерінің 4 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 4 млн. астам теңге демеуқаржыны заңсыз бергендігі анықталды. Күні бүгін бұл қаржыны кері қайтару шаралары алынуда.
Мемлекеттік сатып алу саласында 250 мыңнан астам бюджеттік қаржыны негізсіз жұмсаудың жолы кесілді, 900 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу қорытындысының күші жойылды, конкурс бойынша туған бауырын жеңімпаз деп таныған бір мектеп директоры сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасағаны үшін жауапқа тартылды.