12:07, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Тасқалада Кеңес Одағының Батыры С.Жақсығұловты еске алуға арналған қазақ күресінен халықаралық жарыс мәреге жетті
ОРАЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы орталығында Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловты еске алуға арналған қазақ күресінен халықаралық жарыс мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен 35-інші рет ұйымдастырылып отырған турнир биыл халықаралық сипат алып, қазақ күресінің бәсекесіне Қазақстан облыстары ғана емес, Ресей, Өзбекстаннан келген палуандар да қатысты. Барлық салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Ал батысқазақстандық белгілі спортшы Еділ Үсенов биыл да «түйе палуан» атанып, оған «темір тұлпардың» кілті табыс етілді.