21:33, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Тасқалада өткен жастар форумына ресейлік делегаттар қатысты
ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Тасқала ауданының жастары өздерінің кезекті төртінші форумында бас қосып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Шараны «Намыс» ЖҚБ, «Жас Отан» жастар қанаты және аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Кездесуге көрші Ресей мемлекетінің Саратов облысы Дергачев ауданынан делегаттар қатысып, оларды аудан әкімі Қуат Мусин қабылдады.
Форумға қатысушылар жастар өміріндегі маңызды деген мәселелерді көтеріп, жұмыс барысын қалай жүргізу жөнінде бір-бірімен пікірлесіп, тәжірибе алмасты.
Форум соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.