Тасқын судан зардап шеккен Самарское селосына көмекке Өскеменнен жүзден астам адам аттанды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Депутаттық корпус өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері мен қалалық мәслихаттың өкілдері су тасқынынан зардап шеккен Самарское селосының тұрғындарына көмек көрсету туралы Өскемен әкімі Ислам Әбішевтің бастамасын қолдады,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Ауылға көмекке келген адамдар төрт учаскеге бөлінді. Барлығы 40 аулада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өскемендіктер бір күннің ішінде 40 ауланы, жергілікті аурухананы ретке келтірді, 4 үйдің шатырын жауып, қораларды көтерді, қоқыс-қалдықтарды шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, жақын маңдағы бөгетті судың шайып кетуі салдарынан селодағы барлық үйді су басып қалып, төрт үй тіпті қалпына келтіруге жарамай қалған болатын. Лай басып қалып, үй маңындағы жерлері жарамсыз болып қалған ауыл тұрғындарына көмек көрсету мақсатында жергілікті өкімет оларға 0 сотықтан жер бөлгелі отыр. Ал құлаған үйлердің орнына жақын арада жаңа баспана салу жоспарлануда.

Су ауылдың екі бөлігін қосып отырған көпірді де шайып әкеткен. Қазір өзен бойында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде.

«Қораларды қалпына келтіру және басқа да проблемалар рет-ретімен шешілуде. Күн-түн демей жұмыс істеп жатырмыз. Облыс және Өскемен басшылығы үлкен көмек көрсетуде», дейді Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин.

Өскемен әкімінің баспасөз хатшысы Гүлфариза Рамазанованың айтуынша, өскемендік белсенділер ауыл тұрғындарына тағы бірнеше күн көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар