11:04, 09 Мамыр 2011 | GMT +5
Тасқын судан зардап шеккендер қорына жаңақалалықтар 2,8 млн. астам теңге аударды
ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккендер қорына Жаңақала ауданы мекеме-ұйымдары, еңбек ұжымдары бір күндік жалақылары есебінен 2,8 млн. астам теңге аударды.

Барлығы 40 мекеме үлес қосты. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі - 1 млн., туберкулез ауруханасы - 131385 теңге, №8 кәсіптік лицей 115 мың теңге аударды. Сонымен бірге №3 орта мектеп қайырымдылық концертін ұйымдастырып, түскен қаржыны қорға қосты.
Қайырымдылық шаралар одан әрі жалғаспақ.