Тасқын судан зардап шеккендер үшін ашылған арнайы қордағы қаржы молая түсуде

ОРАЛ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында болған тасқын судан зардап шеккендер үшін ашылған арнайы қордағы қаржы молая түсуде.
None
None

«Жайықмұнай» ЖШС қызметкерлері бір күндік жалақыларымен бірге қосымша 4,5 млн. теңге көлемінде материалдық көмек берді. Оған қоса қызметкерлер зардап шеккен адамдарға киім-кешек, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізді. ЖШС әкімшілік директоры Жомарт Дәркеевтің айтуынша, су құрсауында қалып, баспаналары бүлінген 15 қызметкер отбасына да көмек көрсетілген.

ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті ұжымы аталмыш қорға 1 млн. астам теңге көлемінде бір күндік жалақыларын аударды.

Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі де сауапты істен шет қалмады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі Тұяқберді Шәмеловтің хабарлағанындай, ұжым бір күндік жалақыларын аударды. Сонымен бірге оркестр арнайы концерт қойып, одан түскен қаржыны да батысқазақстандықтарға көмек ретінде жіберді.

Сондай-ақ ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы БҚО филиалы купон сатудан түскен 1 млн. астам теңгеге қиындыққа тап болған батысқазақстандықтарға көмек көрсетті. Атап айтқанда, уақытша паналау қосындарындағы адамдарға күн сайын сол қаржыға сатып алынған азық-түлік пен күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті керек-жарақтар жеткізіліп тұрды.

Соңғы жаңалықтар